ТҮРКІСТАН ӘКІМІ РАШИД АЮПОВ ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІН БАҒАЛАЙТЫН ТЕСТ ӨТКІЗДІ

1  067 көрілім

Тест 3 бөлімнен тұрады: сандық, ауызша және тұлғалық. Сондай-ақ, бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізіледі. Мақсаты – әкімдік қызметкерлерін дамыту үшін олардың ерекше қырлары мен қызметке бейімділігін анықтау.

Тест аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер «hr» саласындағы мамандардан тиісті ұсынымдар алатынын айта кеткен жөн.

Сынақ барысымен танысқан қала әкімі өз сөзінде «Елбасы Жолдауында атап өткендей, адами ресурстарды дамыту қажет. Әрбір адам өмір бойы дамуы керек, әсіресе, қала әкімдігінің қызметкері секілді маңызды лауазымда жұмыс істейтін адам. Мен біздің қызметкерлеріміздің ынталы және креативті болуын және олардың жұмыстарының нәтижелі болуын қалаймын», – деді Р. Аюпов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы