ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

756 көрілім

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы құрылыс сапасын қатаң бақылай отырып, кезекті рет атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы Өргебас, Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылап, тұрғындарымен кездесті.

Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекет назарында екені мәлім. Су тасқыны салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып, қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынуда.

4 мыңдай халық мекен еткен екі елді мекендегі 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынып жатыр. Су басудың салдарынан зардап шеккен әр үйдің құрылысына мемлекеттен 17 млн теңге бөлінген. Тұрғындар оны 4 бөліп алуда. Құрылысы жүріп жатқан үйлердің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр.

Екі ауылға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфақұрылым қалпына келтірілуде. Асфальт төсеу жұмыстары елді мекендегі тұрғын үйлердің құрылысынан кейін жүргізілмек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы