КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖЫЛУЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

627 көрілім

Облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету биыл газ қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бұл жайлы ертеректе айтып өткеніндей, қазір де “Жылу” мекемесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алайда,  жұмысшылардың жайбарақат жұмысына Рашид Абатұлы қатаң ескерту беріп, биыл көмірді тұтынудан бас тарту қажеттігін айтып, істі ширатуды тапсырды.

Қала тұрғындары атсалысқан Халықтық Жобамен салынып жатқан сквер мен аллеялар да қала әкімінің назарында. Серуен құратын орындар –  аумақ халқының көңілінен шығуы үшін жоба бойынша сапалы салынып, уақытылы аяқталуы тапсырылды.

Сондай-ақ, базар аумағында карантин режимінде сақтық шараларын сақтамай сауда жасап отырғандар да полиция назарына алынды. Бұған дейін көше аумағында шашылған қоқыстар бойынша мамандарға бірқатар сындар айтылған еді. Базарды аралау барысында саудагерлердің бейберекет қоқыс тастап, аумақтың тазалығына кері әсер еткендіктері белгілі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы