ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1  262 көрілім

Елбасының Жолдауында қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр. Сондықтан да елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады.

Бүгінгі жағдайда Түркістан қаласында діни ахуалды қалыпты және тұрақты жағдайда деп сипаттауға болады. Қаладағы діни бірлестіктер мен филиалдар еліміздегі заңдылықтар аясында қызмет жасауда, олардың арасында өзара ынтымақтастық орныққан, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлесін қосуда. Алайда, қала тұрғындарына әсіресе жастарымызға түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағамдардың және оларды жақтаушы адамдардың халық арасында адасушылық тудырып, елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлікке, ауызбіршілікке нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттеріне қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мешіттердің, оларды басқарушы дін мамандарының рөлі күшейтілуде.  Мешіттерді басқарушы имамдардың жастарға берер діни бағыттағы тәрбиесі өз деңгейінде жүргізілуде.  Қала көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпарттық-насихаттық топ мүшелері қала аумағындағы барлық білім беру мекемелерінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өз жұмыстарын жүргізіп келеді.

М.ҚАЛЕКЕ,

қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы