ҚАЛАДА ҚОСЫМША 100 ҚОҚЫС ЖӘШІГІ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛАДЫ

882 көрілім

Аудан орталығы саналатын Жетісай қаласындағы қоқыс мәселесінің көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқаны жасырын емес. Көшелердегі қоқыстың қолаңса иісінің қолқаны алып, шашылып жатуының бір себебі – тұрғындардың коммуналдық қызмет мекемесімен келісім-шарт жасасуға құлықсыздық танытып, ақысын төлемеуі болса, екінші себеп – қоқыс алаңшаларында контейнерлердің жетіспеуі болып келген.
Апта басында қаланы толық аралап шыққан аудан әкімі Жамантай Қанайұлы қоқыстың белгіленбеген орындарға тасталуының алдын алу, қоқыс алаңшаларын дезинфекциялау, тұрғындармен келісім-шарт жасасуды реттеп, коммуналдық мекемелердің жұмысын жақсартуды шаһар басшысы Тұрышбек Елшібаевқа қадап тапсырған болатын. Айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыстар жүргізіліп қоқыс алаңшалары күнделікті дезинфекцияланып, арнайы хлор сұйықтығымен жуылуда.
Мұнан бөлек, жақын күнде қаладағы 17 қоқыс алаңшасына қосымша 100 қоқыс контейнері орнатылатын болады.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы