ЖЕТПІС БЕСІҢ, ҚЫРЫҚ БЕСТЕЙ

1  145 көрілім

(Құрдас-досым Еркін Қалымбетовке 75-ке толуына орай)

Билегенде жұрттың мойнын создырған,

Қарттардың да делебесін қоздырған.

Еркінжанға құрдасынан шоқ сәлем,

Ит көйлекті бір жыл бұрын тоздырған.

   Жастық шақтың өшірмей-ақ желігін,

   Жетпіс беспен құттықтайтын келді күн.

   Теміржолдың тәртібімен әскери,

   Абыройлы ардагерсің сен бүгін.

Бір сен емес айдарыңнан жел ескен,

Достарың бар өзіңменен тең өскен.

«Шойтөбедей» разъезде мендағы,

Теміржолдың қара нанын жеп өскем.

   Әкем алған теміржолдың шинелін,

   Етегінен қырқып тастап қигенмін.

   45-ші размерлі етікпен,

   «ЖД»-ыңызда фокстротқа биледім.

Шымкент, Сайрам, Тәшкенде де, қайда да,

Саған көптеп қызығады айнала.

Бикешжандар сұрап кейде жасыңды,

45-те дей саламын жәй ғана.

   Екеумізді шығарғандай бір қалып,

   Біздер жайлы ортамызға сыр қанық.

   Қайдасың?-деп қоңырау соқсақ, ұшамыз,

   Өзгелердей жүре алмаймыз ырғалып.

Рузибка бар кезіндей Ереке,

Отбасыңда тола берсін береке.

Ұзақ жаса! Немере мен шөбере,

Әрбір күні бола берсін мереке!

Нұрмахан НАЗАРОВ,
Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының
Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы