ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ӘКЕЛСІН!

30 көрілім

Құрметті мұсылман бауырлар, қадірменді жерлестер!

Баршаңызды Ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн құрбандық шалып, ниет етіп, мейірім білдіріп, кешіріммен қарайтын мереке. Алайда, қазіргі уақыт әрбірімізге де оңайға түспегені анық. Әлемдегі жағдай барлық қуанышты мерекелерді мейлінше тоқтатып, денсаулығымызға аса мұқият болуымызға шақырады. Сондықтан, басты байлығымыз үшін құрбандық шаларда барынша сақтық шараларын, яғни бетперде тағып, арақашықтық сақтап, мүмкіндігінше үйде болуға тырысайық.

Жаратқан иеміз осы күнде елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа бақыт, азаматтарымызға аман-саулық бұйыртсын! Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды, шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, еңбек жолында абырой, кәсіптеріңізге адалдық пен бақ-береке тілейміз. Егемен еліміздің мерейі үстем, болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Р.АЮПОВ,
Түркістан қаласының әкімі.

Ғ.СӘРСЕНБАЕВ,
Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары