БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

40 көрілім

Бүгін Түркістан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық медициналық көмек келіп, қаладағы жоғары медицина колледжінің спорт залына түсірілді. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінен келген гуманитарлық көмекті қабылдап алды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандарының бақылауымен келген әрбір зат қатаң тексерістен өтті. 25 жасанды тыныс аппараты мен 35 мыңға жуық қорғаныс маскалары және 700-ге тарта емдік шөп-шай бірден аудандық ауруханаларына үлестірілетін болады.

Арнайы жасалған тізім бойынша тіркелген науқастар саны мен медициналық заттардың қажеттілігіне қарай медициналық мекемелерге тиесілі болмақ.
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы арнайы сатуға тыйым салынады деген мөрді басып беру арқылы заңсыздыққа жол бермеуді көздеп отыр. Айта кетейік, бүгінге дейін өңірімізге 10-ға жуық елден гуманитарлық көмек келген. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркия, Қытай тағы басқа да мемлекеттер бар.

«Түркістан-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары