ЖЕТІСАЙ ШАРУАЛАРЫ ӨНІМДЕРІН ШЕТ ЕЛ АСЫРУДА

1  012 көрілім

Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аграрлы аймақ – Жетісай ауданының дихандары үшін әрбір күн мен сағатты тиімді пайдалану өте маңызды. Мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті сығару үлкен рөл атқарады.
Міне, осы мақсатта Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары тынымсыз еңбек етуде. Бүгінде 7284 гектар егістік алқабының 4927 гектарына шитті мақтаның дәнін сепкен шаруалар жаздық суларын алып, егістігін суғаруда.
Округ бойынша күніне орта есеппен 75 гектар алқаптан суғарып отырған дихандар күні бүгінге дейін 490 гектарға жерге толығымен су алып үлгерген. Бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Жаңа ауылдық шаруалар техникалық дақылдан бөлек 986,5 гектар жерге ерте егілетін пленка астындағы қауын тұқымын сепсе, 326 гектарға ашық топыраққа егілетін қауын тұқымын баптап 18 550 тонна өнім алған. Ал, 109 гектарға ерте пісетін қарбыз ексе, 96 гектар жерге ашық топыраққа егілетін қарбыз тұқымын сеуіп 5170 тонна өнім алып отыр.
Дихан-шаруалардың маңдай тері тамған егістік алқаптардан жиналған қауын-қарбыздар ел аумағымен қатар Ресей Федерациясы мен Балтық жағалауында орналасқан қалаларда еркін түрде саудалануда.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы