ТУҒАН ЖЕРДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАР

701 көрілім

Қар ма жауған далада

Аппақ періштелер ме,

Сұлулық жауып санаңа,

Тазалық өрістеген бе?!

Салтанат құрып жалқы нұр,

Таңдарды түскен қылаулап.

Қабірде жатқан қартының,

Аруақтары жатты- ау бір аунап.

Көзімен көрген бұл күнді,

Хайуан да жүр асырсап.

Тірі жүректер бұлқынды

Тіршілік нәрі шашылса.

Шашылып түскен далада,

Аппақ періштелерме

Сұлулық қонып сонаңа

Тазалық өрістегенде.

Құлындай ойнап қылығың,

Алғашқы қарды құш күнім,

Сезініп – жанның жылуын.

жүректің шексіз ыстығын.

ЕГІЗ САНА

Ішімде бір құрт жатыр.

Бала күннен болған дос.

Ішімде бір құрт жатыр,

Бала күннен болған қас.

Ол семірсе мен арып,

Мен семірсем ол арып.

Бара жатыр сонда да

Қарын шығып, өң алып,

Мен өрлесем төмендеп,

Ол өрлесе құлдырап.

Жоқ болса егер елеңдеп…

Ал бар болса құрғыр-ақ!

Кейде шексіз сүйемін,

Кейде шексіз жек көріп.

Кейде мамық сүйеуім,

Кейде өртейді от болып.

Не боларын білмеймін,

Әбтен есім ауысты.

Қазір қуыс күйге ендім,

Мүжи мүжи тауысты.

БОЛМЫС

Әр бір көздің ар жағында ,

Таусылмастай әлем бар.

Қарқылдаған қарғаның да,

Дауысында әуен бар.

Ана сабар, бұла ұлдың да,

Кеудесінде дүрсіл бар.

Уын төккен жыланның да,

Ысылында бір сыр бар.

Тау ағызған тасқынның да,

Тасуында ғұмыр бар.

Жауға шапқан жас Ғұнның да,

Бас білмейтін дүбірі бар.

Үш-ақ күндік көбелекте

Ғұмыр бойғы бақыт бар.

Киік түбіт кебенекте,

Керегедей жаһұт бар.

Болат қанат қарт қыранның,

Құз жартаста құны бар.

Өмір дейтін ШАТТЫҚ әннің,

Мәтінінің мұңы бар.

ҚҰЛАДЫ ДЕР АСПАНИ АР, ИМАН – ШЫН

(Сапарбек Ергөбек рухына)

Заман көшті деседі заман көшті,

Адам көшті,

ӘКЕ, ҰСТАЗ, АҒАМ көшті.

Кең қолтық ең рулы ел, туысымдай,

Аңыраумен артыңда қалам ба өксіп?!

Дәуір көшті деседі дәуір көшті,

Бір дәуірдің еркесі бауыр көшті.

Жүрегінде бүкіл бір халық көшті,

Құшағында – от, рухында дауыл көшті.

Жалаң қалды қылышың қынға симай,

Ер қадірің өтеді – ау, жырға симай.

Қара жер қалай шыдап көтерді екен,

Қара орманға татитын бір басыңды -ай.

Тұнықтықтың болмайды бұлағы көп,

Шын асылдың қашанда сыңары жоқ.

Түркістанның аспаны жылады ма?!

Тектіліктің бір тауы құлады деп.

Құлады дер аспани ар, иман – шын,

Сенбеймін!

Оған қалай жан илансын!

Кісіліктен құралған дәрия едің,

Ажал оғы неге оңай дари қалсын?!

Сәбидей дархан – көңіл, сан ойлар -ай,

Қимаймын!

Қалай қиям?

Қалай ғана -ай?!

Сенбеймін бәрі өтірік, бәрі жалған,

Ұлы ӘКЕ, ұлық АДАМ, аяулы АҒАЙ!

КАРАНТИНДЕГІ КӨКТЕМ

Көктем дейді’ несі көктем?

көңілге гүл қонбаса.

Кім қуанар?

есі кеткен

Ессіз пенде болмаса.

Көктем дейді несі көктем?

Жүрекке мұң орнаса,

Қайғы – құспен, осы көктем,

Қатар келді жармаса.

Бұл мезгілді көптен күткен,

Гүл мен ару қыз бе еді

Сағындырып жеткен көктем,

Көктем емес біздегі.

Сабылдырып өткен кеткен,

Алып жұлып іздеді.

Бұл не болды өктем жеткен,

Сары ызғырық күз демі.

Бұл мезгілді көптен күткен,

Гүл мен ару қыз бе еді?

Сағындырып жеткен көктем,

Көктем емес біздегі!

Әр бір көздің ар жағында ,

Таусылмастай әлем бар.

Қарқылдаған қарғаның да,

Дауысында әуен бар.

         Ана сабар, бұла ұлдың да,

         Кеудесінде дүрсіл бар.

         Уын төккен жыланның да,

         Ысылында бір сыр бар.

Тау ағызған тасқынның да,

Тасуында ғұмыр бар.

Жауға шапқан жас Ғұнның да,

Бас білмейтін дүбірі бар.

         Үш-ақ күндік көбелекте

         Ғұмыр бойғы бақыт бар.

         Киік түбіт кебенекте,

         Керегедей жаһұт бар.

Болат қанат қарт қыранның,

Құз жартаста құны бар.

Өмір дейтін ШАТТЫҚ әннің,

Мәтінінің мұңы бар.

*   *   *

Сенен алыс кетерде

Көздер тұрды жас, мөлдір.

Күркіреп күн жөтелген,

Сіркіреген аспан тұл.

         Мен де құйып барамын,

         Жүректің мөлтіл нұрларын.

         Бойымдағы жан әнім,

         Қан тамырым Сырғалым.

Сенен кеттім алыстап,

Мен пақырда не қалды.

Мен жаралы арыстан

Рухым сенен ем алды.

         Ашыққанда тасыңды,

         Құртша малтап нәр алғам.

         Бұлт қонатын басында,

         Зәу шыңыңнан жаралғам.

Саған жаным байланған,

Құлындай ем желіде.

Бүгін өзім айналғам,

Сенің самал желіңе.

*   *   *

Сарғайған жапырақтар

Әжімі қарттардың.

Шашылған атырапқа –

Сағыныш.

         Күлегеш көбелектер,

         Ғұмыры бойжеткеннің.

         Сағымы кереметтей –

         Сағыныш.

Түрленген кемпірқосақ,

Бақытты уақытың,

жоқ болар жел тұрған шақ –

Сағыныш.

         Көктемгі елес жаңбыр,

         Үзілген соңғы демдей.

         Тек қана елес қалды –

         Сағыныш

Бақберген ДӘРИҒА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы