42500 ТЕҢГЕ ҚАЙТА ТӨЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

563 көрілім

Шілде айына тағайындалған 42 500 теңге бұған дейін бекітілген төтенше жағдай кезіндегі ережелер бойынша төленетін болады. Бұл жолғы төлем бір айға бекітілген. Жұма күні барлық қабылдау үшін өтінім беру порталдары ашылып, дүйсенбіден бастап төлем жүргізу жоспарлануда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин кезінде берілетін 42 500 теңгеге өтініш қай күннен бастап қабылданатынын және қай күннен бастап төлем басталуы мүмкін екенін айтты.

«Карантинге қатысты шектеулер салдарынан табыссыз, жалақысыз қалған азаматтарға ең төменгі жалақы көлемінде бір реттік көмек беру туралы шешім қабылданды. Оның көлемі – 42 500 теңге», – деді Б.Нұрымбетов брифингте.

Сонымен қатар, Б.Нұрымбетов өзге де туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Халықтың тарапынан түсіп жатқан сұрақтарға қысқаша жауап берейін. Төлем бұл жолы кімдерге төленеді? Бұл жолғы 42 500 төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатқа сай төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп, табысынан айырылған азаматтарға төленеді.

Екінші сұрақ – қашан төленеді? Бұл жолғы төлем жасаудың операторы ретінде тағы да мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өткенде бұл қордың қаржылық жағдайы туралы айтқанбыз. Қаржы мәселесі қиын. Бірақ, бүгін шешім қабылданды. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, бір апта ішінде Қордың қаржылық жағдайын шешуі керек. Оған дейін біз өтініш қабылдайтын порталдарды дайындаймыз. Осы жұма күні бүкіл портал өтініш беруге дайын болуы керек. Сол күннен бастап өтініш қабылдау басталады. Ал, 20 шілдеден бастап төлемдерді аударуға кірісеміз. Әзірге, электронды үкіметке, 42 500 сайтына кіріп, әуре болмаңыздар. Порталдарды біз жұмаға дейін дайындауға тырысамыз, төлем 20 шілдеден басталады деп үміттеніп отырмыз», – деді Б.Нұрымбетов.

Біржолғы төлемді тағайындауға азаматтар мынадай пунктермен қатыса алады:

– жалақы төленбейтін демалысқа жіберілетін өз қызметкерлері бар жұмыс берушілерге;

– жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтитындар;

– карантин шараларын күшейтуге байланысты қызметі шектеулі азаматтар – өздері үшін.

Жаңа ережелерге сәйкес 42 500 теңге сұраған жұмысшылардан белгілі бір мерзімге әлеуметтік жарналар мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу талап етілмейді. Біржан Нұрымбетов тағы да бейресми түрде, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін біржолғы төлемге жүгіну үшін қайтадан БЖТ төлеудің қажеті жоқ екенін де айтты.

Төлемге жүгіну үшін мына жүйелер арқылы өтінім беруге болады:

– 42500.enbek.kz порталында;

– egov порталында;

– ресми Telegram боттары арқылы.

Қазақстанда алғаш төтенше жағдай жарияланғанда 42 500 теңге алуға 8 миллионға жуық өтініш түскен. 4,6 млн. адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болатын.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы