ЕҢБЕК ЕТУ – ӨМІР СҮРУ САЛТЫНА АЙНАЛСЫН

708 көрілім

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет отырысында көтерген мәселелер мен білдірген пікірлері орынды екенін айтқым келеді.
Ел аумағында ауыр дертке байланысты туындаған мәселелерден бастап, бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ екенін, біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн екенін айтып өтті.
Еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Шынында, қазір біздің еліміз ғана емес әлем халқы тығырыққа тірелгендей күй кешудеміз. Мынау алапат залал да жағамыздан алып, алқымымызды қысып тұрғандай. Сондықтан, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойын түсініп оқып, санамызға сіңіргеніміз абзал.

Шора Исмолдаев,
Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы