САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛЫП, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

961 көрілім

Күншығыс елінен бастау алған covid19 короновирус пандемиясы қазіргі таңда жарты жаһанды жаулап, жұртшылықтың жүрегіне қорқыныш ұялатқаны жасырын емес. Соңғы кездерде елімізде орын алған барлық жағдайды ескере отырып, біздің елде де карантиндік режим жаряланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дүрлікпеуге шақырып, ауруды жұқтырмаудың алдын алу керектігін де ескертті.
Бұл тұрғыда Жетісай ауданында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Жсмантай Бейсенбаевтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, барлық ауылдық округтерде маскалық режим мен шектеу шаралары қатаң сақталып, ел ақсақалдарымен біргелікте түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты барлық елді мекендерде де округ әкімі тарапынан жасақталған жұмысшы топ өкілдері елді мекендерді аралап әр үйге жеке-жеке кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Әлемде, елімізде болып жатқан жағдайға байланысты біздің елімізде де карантиндік режим жарияланды. Мемлекет сақтық шараларын барынша күшейтіп отыр. Біз де қол қусырып отырмай өзіміз тұратын ауылдарда ауыл ақсақалдарымен, ел ағаларымен үй-үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сақтық шаралары жазылған үнпарақшаларды таратудамыз. Ауылдарда адам көп жиылатын той-жиындар мен астарға шектеу қойып, мүмкіндігінше тоқтата тұруды түсіндіріп жатырмыз” дейді Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров.
Ел ағалары қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған covid19 індетін жеңуде жүргізіліп жатқан әрбір істе тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырады.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы