ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСКЕ МҮШЕЛЕРДІ САЙЛАУ 7 ШІЛДЕДЕ БАСТАЛАДЫ

1  200 көрілім

Өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы қашықтықтан жұмыс жасап жатқандықтан, құжаттарды a.ibadullayev@atameken.kz поштасы арқылы немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен облыстық Кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

 Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

•​Қазақстан Республикасының азаматы болу;

•​өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

•​кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

•​өңірде жария тұлға болу;

•​кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

•​бизнесінің тарихы оң болуы;

•​әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

•​облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

•​Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. 

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.

☎️ Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы байланыс: 8 775-296-90-59, 8 777 918 89 51

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы