ЖАҢА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

690 көрілім

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен  Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің  фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі.

 Енді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Владимирович Цой тағайындалды. Еліміздің бас дәрігерінің ауысуын желі белсенділері қызу талқыға салды. Бірі  Е. Біртановтың денсаулығына алаңдаушылық білдірсе, енді бірі жаңа минстрді білікті маман деген пікір білдірген.

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан денсаулық сақтау минстрі қызметін атқарып келген Е. Біртановтың қандай қызметке кеткендігі жөнінде ресми ақпарт жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы