ӘРІПТЕСІМІЗ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

1  360 көрілім

28 маусым Баспасөз күні қарсаңында жергілікті «Түркістан» газетінде ширек ғасырдан аса мінсіз қызмет атқарып келе жатқан әріптесіміз, редактордың орынбасары Ләззат Қаныбекқызы Сарыбаева «Ардагерлер қозғалысына қосқан үлесі мен көмегі үшін» естелік медалімен марапатталды.

Айтулы шараны «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Ішкі істер органдары Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Бейсембаев пен Түркістан қалалық Ішкі істер органдары Ұлттық Ұлан ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Б.Сансызбаевтар арнайы келіп табыстады.

Біз де редакция ұжымы атынан әріптесіміз Ләззат Қаныбекқызын төсбелгісімен құттықтап, 90 жылдық тарихы бар қарашаңырақ басылымда еңбегіңіз жана берсін деп тілек білдіреміз. Тағы да марапатыңыз құтты болсын!

«Түркістан», «Туркистон» газеттерінің ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы