ТҮРКІСТАН: ШАМАДАН ТЫС АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

701 көрілім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының Шақпақ-баба елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында тексеріс жүргізді.

Рейдтік шараның негізгі мақсаты – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және карьерлерден заңсыз инертті материалды тасымалдау тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарына “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Назарбеков, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Б.Ахметов пен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.

Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

Сонымен қатар, жүк тиеген 6 көліктің салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құны 1,252360 (бір миллион екі жүз елу екі мың үш жүз алпыс) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы уақытта «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, облысқа қарасты барлық қала, аудандардың жолдарына рейдтік шаралар жіті жүргізіліп, аталмыш жоба аясында жолдардың тез бүлінуіне әкеліп соғатын заңбұзушылықтармен қарқынды күрес әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы