МЕШІТТЕРДЕ ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАТЫН БОЛАДЫ

1  457 көрілім

Бұл туралы облыс имамы Мұсабек Ақтамберді Түркістан өңірлік коммуникациялар орталығында мәлімдеді. Түркістан облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мешіттер ашылатын болды.

Ертеңнен бастап жұма намазы оқыла бастайды. Жамағаттардан мешітке үйлерінен дәрет алып, медициналық маска тағып, қолғап киіп келулерін сұранамыз. Карантин режимінің талаптарын сақтау талап етілуде. Дәрігерлер мешіт дәретханаларын жауып қоюды құп көреді. Сондықтан мешіттерде дәрет алу уақытша мүмкін емес.

Жұма намазына тек облыс, қала, аудан, ауылдық округтердегі жамағат көп жиналатын ірі мешіттерде ашылады. Жалпы мешіттерді ашу екі кезеңмен жүзеге асырылады. Жұма уағызы айтылмайды. Жұма намазын құтпасымен қоса 15 минутта аяқталады.

Намазда 1,5 метр қашықтықта қатарлар сақталуы тиіс. Бес уақыт намаз бен жұма намаздарында да осы талаптар орындалады. Имамдар шарттарды қадағалауда қырағылық танытулары керек.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы