ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР НАЗАРЫНА!

748 көрілім

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен жаңадан құрылған заңды тұлғалар және олардың филиалдары күнтізбелік 30 күн ішінде 1-НП «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» нысанын қалалық статистика басқармасына келіп міндетті түрде тапсыру қажет.

Алайда, 2019 жылдың желтоқсан айынан ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін жаңадан құрылған заңды тұлғалардың басым көпшілігі статистика органына аталған нысанды тапсырмай отыр. Жоғарыда аталған нысан бойынша есепті тез арада тапсыру керектігін қайта еске саламыз.

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

Анықтама үшін 3-13-72, 5-91-19 немесе Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі 4-үйге хабарласуға болады.

Түркістан қаласы статистика басқармасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы