ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАМАҒАТТЫҢ АМАНАТЫН ЖЕТКІЗДІ

754 көрілім

Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға с.а.у: «Сенен адамдар мал-мүліктерін қалай жұмсауы керектігі жөнінде сұрайды. Сен айт: «Оны қалай жұмсасаңдар да еріктерің. Ата-аналарыңа ма, туысқандарыңа ма, жетімдерге ме, пақырларға ма, әлде мүсәпір жолаушыға ма, бәрібір әйтеуір жасаған қайырларыңды бір Алла білмей қоймайды»,- деген. Садақа туралы қасиетті Құранда 200 рет айтылған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.а.у :«Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды», – деген. Расында да садақа беру талай бәледен аман сақтанып, талай жақсылыққа жол ашатын ізгі амал.

Мақтааралдықтардың басына күн туғанда түркістандық жамағаттар да қарап жата алмады. Имамдардың ұйытқы болуымен 4 көлік керекті заттар тиелген керуен Мақтаарал ауданына жетті. Ұн, май, макарон, күріш, қант, картоп, пияз және т.б азық-түлік, сондай-ақ, 10 кілем, жүз үлкен-кішіге арналған аяқ-киім, киім-кешек жиналды.

Облыс имамының орынбасары Жүсіпбек Қасымбеков бастаған «Ынтымақ», «Құлатай ата», «Әл-Кәусар», «Нақып Алтый», «Игілік», «Мүслім ата», «Жұма», «Ықылас», «Түркістан Ахмет Яссауи» мешітінің имамдары апат аумағына арнайы барды. Тұрғындармен жүздесіп, түркістандық жамағаттың аманатын таратып берді. Алла Тағала қол ұшын созған жандарға берекесін берсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы