ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС ШАХМАТ ПЕН ДОЙБЫҒА АРНАЛДЫ

1  046 көрілім

Жақында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық «Түркістан» шахмат федерациясы қоғамдық бірлестігі және «Астана» спорт сауықтыру кешенінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай шахматтан Түркістан қаласының ашық біріншілігі өтті. Жалпы саны 31 шахматшы қатысқан тартысты жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жас ерекшеліктеріне қарамай сайысқа түскен шахматшылар барын салып, бас жүлде үшін таласты. Ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша Ермек Маликов І орынды иеленсе, Ержан Мұхаммедов пен Еркебұлан Ерболатұлы ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

* * *

Оранғай ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде дойбыдан ардагерлер арасында облыс біріншілігі мәреге жетті. Мұнда 50 жастан асқан ерлер арасында Қ.Ибраимов, А.Прімжанов және И.Тұрметовтер жеңіс тұғырынан көрінсе, 60 жастан жоғарылар арасында Ж.Зұлхайнар, Б.Аманов, С.Дүйсекбай жоғары үштіктен көрінді. Ал, 50 жастан асқан әйелдер арасында М.Абдувалиева І орынға, С.Мухиддинова ІІ орынға, С.Дүйсенова ІІІ орынға табан тіресе, 60 жастан жоғарылар арасында Х.Аширбекова, Ж.Шалбаева, З.Аристанбаева біріншілік жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар наурыз айының 7-15 күндері аралығында Қаскелең қаласында ардагерлер арасында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады. Жеңісті күндеріңіз еселене берсін, жерлестер!

Р.ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы