БӘЙДІБЕКТЕ ДЕМЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

568 көрілім

Бүгін Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекенінде 1993 жылы туылған ауыл жастарының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді.Футбол алаңшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, құттықтау тілегін білдіріп, аталған алаңшаның салынуына ықпал жасаған Бақытжан Жұмаділла мен 1993 жылғы туылған ауыл жастарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Шарада округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, Ағыбет ауылының биі Сейдалы Әмірбеков аудандық мәслихаттың депутаты Әбдірахман Төрехан, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін алғашқы допты аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков соғып, ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылуда. Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сый болды. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары