ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

482 көрілім

Қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дегендей, ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара кемеңгер тұлғаны терең тани түсуге дәріптейді.

Жиын соңында қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мәрия Зейдінқызы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері Гүлбану Жамалханқызы сөз алып оннан аса балабақша тәрбиешілері қатысқан ұйымшыл ұжымдарға алғыстарын жеткізді.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары