ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

697 просмотров

Бүгін Түркістанда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздардың төл мерекесі аталып өтті. Салтанатты шарада Шаһар басшысы Р.Аюпов пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев сөз сөйлеп, мұғалімдерді мейрамдарымен құттықтады. Тәлімгерлердің еткен еңбегі мен төккен терлері ескеріліп, бірқатар білім саласының қызметкерлеріне қала әкімінің алғыс хаты және құрмет грамоталары табысталды.

Жиын соңы қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы мен білім ошақтарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары