ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

40 просмотров

Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қысқы маусымға дайындық барысында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жылыту пештерінен шыққан түтінге улану жағдайларының 70 пайызы мұржаның талапқа сай болмауынан немесе дұрыс жұмыс істемеуінен орын алуда. Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қала тұрғындарының алдымен өрт қауіпсіздігіне қырағы болып, оның ережелерін сақтағандары дұрыс екені мамандар тарапынан көпшілікке түсіндірілді.


Аталмыш басқарма қызметкерлерінің жеке құрамы қала аумағындағы әрбір тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау бағытындағы арнайы жадынама таратты. Сонымен қатар, қала тұрғындарына жылу маусымы басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіп, өңдеп және әктеп, пеш құдықтарын күлден тазарту, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайтыны баса айтылды.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары