ҚАЛА ӘКІМІ Р.АЮПОВ: ⠀ “ТҮРКІСТАНДА “АСАР” ЕРІКТІЛЕР ТОБЫН ҚҰРАМЫЗ” ⠀

231 просмотров

Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен, жастармен еркін форматта кездесу өткізді. Әсіресе, жастар көп жиналған ашық алаң аясында биылғы жыл – волонтерлар жылы бойынша алда атқарылар жұмыстар легі жан-жақты айтылды.

Халықпен жақын байланыс құруды жандандырған Рашид Абатұлы: “Асар” үлкен көлемдегі волонтерлар тобын құрып, шетелге шыққанда бұл сөздің мәнін жеңді түріп, мақтана айтатындай, түсіндіріп беретіндей боламыз. Түркістанды “Еріктілер қаласы” етуге мүмкіндік те, қолдау да бар”, – дей келе, қала жастарының бұл іске үлкен жауапкершілікпен және шынайы ниетімен қатысуын сұрады.

Төрт сағатқа жуықтаған келелі басқосуда үзіліс кезінде де жастар қауымы әкім жанынан табылып, кәсіпкерлік, студенттер рөлі, қоғамдық көліктер, демалыс орындары бойынша ойын білдіріп, ақпарат алды.

Қаламыздың басты символдарының бірі Темір жол вокзалы және сол маңдағы демалыс орны наурыз айына дейін ерекше келбетке ие болмақ. Ішкі жүйесі де өзгеріп, кез келген қонақ келгенде қала жайлы бүкіл ақпарат беретін арнайы орталық ашылады. Сондай-ақ, жуық арада әрбір қала тұрғынында ерекше карточкаға ие болу мүмкіндігі тумақ. Ол карточка арқылы қажеттілігіне қарай тарифтерді қосып, кесене, аттракцион, музей сынды орындарға кіріп тамашалау жүзеге асады.

Осылай деген Рашид Абатұлы Түркістанды көркейтудегі әрбір іске тұрғындардың өз ойын білдіруге, дамытуға үлес қосуға және идея қосып отыруға шақырды.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН. Суреттерді түсірген: Антон ЛЕЩЕНКО.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары