ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫНА ӘНМЕН ШАШУ ШАШТЫ

336 просмотров

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет сарайында өнер жұлдыздары қала халқына өз өнерлерін паш етті. Шара 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілді.


🔸️Кешті “Әзіл әлемі” театрының белді мүшесі Қанат Әлжаппаров жүргізді. Салтанатты шара барысында ҚР эстрадасының жарық жұлдыздары Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Айқын Төлепберген сынды бірқатар әншілер әсем әнімен көпті сүйсінтті. Кеш барысында Қанат Әлжаппаровтың өзімен тілдескен болатынбыз:


– Түркістан облысының тұрғындары мен қала қонақтарын еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Қала тұрғындарының әрбірінің отбасына амандық, деніне саулық, бақыт, байлық тілеймін. Аман болыңыздар. Түркістан дамып, өркендей берсін,- деп жылы лебізін білдірді.


Егеменді еліміздің ұлық мерекесі аясында өткізілген кешке 4000 -ға жуық көрермен келді. Сондай- ақ , Түркістан мен үшін қашан да ыстық, жаныма жақын деген Серік Ибрагимовта Түркістандықтарға өз тілегін білдірді.


– Халқымызға ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік мерекесі Отанымыздың әрбір азаматы үшін ұлы мереке. Осы мереке аясында киелі шаһарға да келіп қалдық. Түркістан облыс атауын алғалы біршама дүниелер өзгеріп, дамып жатыр екен. Әрмен қарай дами берсін, гүлдене берсін. Түркістан облыс мәртебесін алуы керемет жаңалық болды, – деген ақжарма көңілін білдірді.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
” Түркістан”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары