ШЫН МЫҚТЫҒА ҚИЯНАТ БОЛМАСЫН

146 просмотров

Әбдісалан мен Бекзаттай шойын жұдырықты нар ұлдарды дүниеге әкелген Түркістан топырағы даңқты азаматтарға кенде емес. Жасындай жарқыраған Бек ұлымыз да Түркістаннан шыққан тарланбоздардың жалғасы. Соңғы екі-үш жыл көлемінде өз салмағында ел біріншілігінде топ жарып келе жатқан Бек Нұрмағанбет өткен әлем біріншілігіне қатыса алмай сәтсіздікке тап болды.

Өкініштісі, үкілеген үмітіміз 81 келіде ұлттық құраманың нөмірі бірінші боксшысы – Бектің олимп шаршы алаңына шыға алмауында болып тұр. Дәл солай.
Бекзат Нұрдәулетов те осал боксшы емес. Өз салмағында Бектен кейінгі орындарды алатын Бекзаттың ерлігін кешегі өткен әлем біріншілігінде көрдік. Жолына бөгет болады деген кубалық тарлан да Бекзат інімізге «жығыла» жол берді. Дегенмен келесі жолы бұл жетістік қайталана ма?


Енді Қытайда олимпиада лицензиясын сарапқа салатын жарыс өтпек. Осы бәсекеге бапкерлер 81 келі салмақта ел үмітін Бекзатқа аманат еткен секілді. Иә, Бекзат әлем чемпионы ал, Бек Азия чемпионы. Атаққа қарасақ Бекзат көш бастауы тиіс. Ал білектерін сынға салсақ кімнің бәсі жоғары екені әзірге жұмбақ. Мұндайда қос батырды өзара күш сынатып, әлемдік додаларға кім мықтыны анықтаса болмас па екен?
Жасыратыны жоқ спортта әділетсіз шешімдердің куәсі болып жатамыз. Ел үмітін арқалап әлемдік сындарға түскен талай жігіттердің жолы бөгелгенін көз көрді. Адамның сағын сындыру деген осындай әрекеттерден басталса керек. Сондықтан өз еліміздің батырларын анықтауда әділдік туын биік ұстағанымыз жөн ағайын.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары