ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕДЕ МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕДЕЛ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

164 просмотров

Түркістанда алғаш рет қала әкімдігі жанынан мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды. Тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін табуы үшін арнайы құрылған халықтық кеңседе 77 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілмек.

Салтанатты түрде лентасы қиылған орталық әкімдік тарапынан көрсетілетін қызметтерді «бір терезе» жүйесі арқылы жүзеге асырады. Фронт-офисте тиісті сала мамандары келушілердің сұрағына жауап беріп, өтініштерін қабылдайды.

“Орталық арқылы – артық уақытыңызды жұмсап, әр есікті қағудан аулақ боласыз. Қызметтің барлығын бір жерден алып, ашықтықта және жылдам жауап алуға мүмкіндік туады. Қала әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылық, ветеринария, білім, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,тұрғын үй қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығында көрсетілетін жалпы 97 мемлекеттік қызметтің 77 түрі көрсетілетін болады. Сонымен қатар халық көп сауалмен жүгінетін электр энергиясына қатысты сауалдарға жауап беріп, өтініш қабылдайтын «Оңтүстік жарық Транзит» мекемесінің және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының өкілдері халыққа қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта дәл осындай тағы бір орталық ашу жоспарда бар”, – деді қала әкімі Рашид Аюпов.

Халықтық кеңсенің негізгі артықшылығына нақтырақ тоқталсақ. Өтініш иесінің құжатын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды беріледі. Тіркеуге алынған құжат штрих-код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзім ішінде қаралған соң жауабы фронт-офиске бағытталып, тұрғындарға жауабы пошта арқылы, қолма-қол жолданады.

Халықтық кеңседе – анықтама, халыққа қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды. Анықтама залы – келген азаматтарға кеңсенің қызмет көрсету барысы туралы сілтеме жасайды және арнайы құрылғы арқылы кезек нөмерлерін беріп отырады. Азаматтарға бірнеше курьер ақпарат алу үшін көмек көрсететін болады.

“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары