ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН БАСТАДЫ

253 просмотров

  Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық акциясы өтті. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында 63 тәрбиеленушіге қыстық аяқ-киім тарту етіп, балаларды жаңа жылымен құттықтады. Бұл іс-шараға партияның Арыс қалалық филиалы басшылығы мен бастауыш партия ұйым өкілдері және депутаттары қатысты. Түркістаннан келген меймандар балалардың қолөнер орталығын, жатын бөлмелерін аралап көрді.

Балаларға жаңа жылдық сыйлықты «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Калыйма Жантөреева тапсырды.  Оқушылармен және білім мекемесі ұжымымен кездесіп, пікір алмасты. Партияның басты мақсаты – елге қуаныш сыйлау, көмектесу екенін жеткізді. Аталған мекеме өкілдері көңіл бөліп, арнайы келген партия ұжымына ризашылықтарын білдірді. Балалар концерттік бағдарламасын ұсынды.

Бүгінде партия филиалы облыстың аудан, қалаларында игі істерге мұрындық болып, тұрғындарға көмек көрсетіп келеді. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Арыс қаласындағы балалар үйі 1919 жылы алғашқы рет балалар коммунасы болып құрылған. 1993 жылы жаңа үлгідегі балалар үйі ретінде құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2015 жылдан бастап  «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді. Бүгінде осындағы тәрбиеленушілерге мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. «Nur Otan» партиясы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін  үнемі назарда ұстайды. 

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары