ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЖАҢҒАҚ ӨНІМІН АРТТЫРУҒА ДЕН ҚОЙДЫ

193 просмотров

Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейтін өсімдік. Түркістан облысында соңғы 2 жылдың көлемінде қолға алынған жаңғақ шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтиже жаман емес.

Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының тұрғындары осы мерзімге дейін үй іргелік жерлеріндегі жаңғақ ағаштарынан ғана өнім алынып келген.

2018 жылы Түлкібас ауданында өңір басшысының тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалды. Ал, 2019 жылы 125 гектар жерге жаңғақ көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып келеді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары