“ТҮРКІСТАН ЖҮРЕГІМДЕ!” АТТЫ ЖАҢА ТУЫНДЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

94 просмотров

Бүгін облыс орталығында “Түркістан жүрегімде!” атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Сақ» киностудиясы түсірген кино-новеллада түркістандықтар мен қонақтардың арасындағы өзара достық қатынастар кеңінен көрсетілген. Елжандылық, Отансүйгіштік, төл тарихты ардақтауды көрермен бойына сіңіре отырып, әдемі әзіл-қалжыңмен Түркістанның өзіндік ерекшеліктері көрермен назарына ұсынылған.

Салтанатты шараға қатысқан Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай әсерлі фильмді жарыққа шығарған шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.

– Елбасымыз Н.Назарбаевтың шешімімен бүкіл түркі дүниесінің рухани астанасы болған Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алып, үлкен тарихи қадам жасады. Осындай тарихи, маңызды кезеңді басынан өткізіп отырған Түркістан қаласы аз уақыттың ішінде жаңаша түлеп, рухын қайта жаңғыртып, халықтың көз қуанышына айналып отыр – деді.

Кино новеллада көне шаһардың өтпелі кезеңіндегі шынайы өмірімен қоса, жаңарған қаланың тыныс-тіршілігі түрлі мысалдар арқылы баяндалады.

Төрт бөлімнен тұратын фильмдегі рөлдерді Дәурен Әбиев, Рулан Нұғман, Сапара Әлайдарова, Лаура Мақашава сомдаған. Ал, фильмнің бас режиссері Нуриддин Паттеев, Фурхат Сайпов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары