«ТАҚСАЙ ХАНШАЙЫМЫ» ТҮРКІСТАНҒА ТАПСЫРЫЛДЫ

581 көрілім

Бүгін Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты жасақталған көрмесінің ашылуы өтті.ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Тақсай ханшайымының көшірмесін дайындап, орталыққа өткізуді жоспарлаған болатын.

Бұл шараБатыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Тақсай оба-кешенінен табылған б.д.д ІҮ-ҮІ ғасырға тән ежелгі сармат кезеңіне жататын «Алтын ханшайым» еліміздегі табылған төрт алтын адамның бірін жас ұрпаққа мақтан етерліктей насихаттау, музей қоры туындыларын кеңінен насихаттау, рухани құндылықты жаңғыртып, Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Екі облыстың музейлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, өзара байланысты нығайтуға ықпал ететін аталмыш көрменің салтанатты ашылуна Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып сөз сөйледі.

Бүгінгі көрменің ашылуы және музейдің жаңа экспозияциямен толығуы Түркістан облысы үшін үлкен мәртебе. Бұл – біздің өлкеге бастаған сапарларыңыздың рухани, мәнді, мағыналы екендігінің айғағы. Қос өңірдің музейлері арасындағы мұндай байланыс, елдің ертеңі, мәдениетіміздің мәйегі, «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы деп білемін, – деді Әзімхан Серікұлы. Сондай-ақ келген қонақтарға ізгі лебізін жолдап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Салтананатты шара барысында әсем әндер шырқалып, мәдени-рухани шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Содан соң, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең – Ақжайық, Тақсай ханшайымының» лента қию рәсімі өтті. Ары қарай музейге келушілер экспозиция залында көрмені тамашалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары