ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ТАЕКВОНДО ТУРНИРІ

197 просмотров

Қаламыздағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өткен Сүйіліш батырды еске алуға арналған таеквондодан халықаралық турнирі мәреге жетті. Жарыс шаһарымыздағы таеквондо спортының дамуына үлесін қосып жүрген жаттықтырушы Рахымжан Жыңғылбаев пен Сүйіліш батырдың ұрпақтарының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

  Мұнда 43 салмақ дәрежесі бойынша 650 спортшы бақ сынады. Нақтырақ айтсақ, жарысқа Қазақстанның 17 облысының барлық қалаларынан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген таеквондошылар өзара мықтыны анықтады.

  Турнирдің ашылу салтанатында Түркістан облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Қазақстан таеквондо федерациясының вице президенті Арман Шілманов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

   Кіл мықтылардың тартысты жарысының қорытындысы бойынша командалық есепте Алматы қаласының спортшылары бас жүлдеге ие болды.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары