РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫ БОЙЫНША ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

143 просмотров

Бүгін қала әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ мүшелері, қаладағы «Қуаныш» орталық және «Азиз» базарлары аумағындағы ретсіз және заңсыз сауда орындарын реттеу мақсатында арнайы рейдтік жұмысқа кірісті. Аталған жұмысшы тобының құрамында қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.Даханова, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі және тисті сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қаладағы «Қуаныш» орталық базарының айналысындағы жол жиегіндегі заңсыз сауда орындарын сүру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, «Азиз» базарын аралап, базар айналасындағы сатушыларды заң талаптарына сай жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, әрбір сатушы азаматтың 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау кассалық аппараты болуы қажет. Осы орайда, бүгінде заң талаптарын сақтамаған көптеген сатушыларға қалалық кірістер басқармасының өкілі тарапынан ескерту жасалды.

Рейд барысында заң талаптарына түсіністікпен қарамаған азаматтарға алдағы уақытта тағы қайталанса айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді. Жұмысшы топтың рейдік шаралары әлі жалғасын табатын болады.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары