ПАРТИЯНЫҢ АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

94 просмотров

«Nur Otan» партиясының қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев партия жұмысын жаңғырту бойынша филиал қызметкерлері және бастауыш партия ұйымының төрағаларымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте «Nur Otan» партиясының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасының партиялық жаңғыру бағыты аясында, «Ядролық» электоратты қалыптастыру, мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың жұмысын жандандыру, партиялық жауапкершілікті арттыру, партия органдарының қызметін қайта құру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жүргізу және тағы басқа мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасып, партия филиалының 2020 жылы атқарылатын жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына партиялық бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша бағыт-бағдар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары