ОТБАСЫ ТҰТАСТЫҒЫ БЕКЕМ БІРЛІКТЕ

56 просмотров

“Әр отбасы – шағын мемлекет. Еліміздің ертеңінің жарқындығы барлық шаңырақтың шаттыққа толы, керегесі кең болуына тікелей байланысты”- дейді жазушы Мархабат Байғұт Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің студенттерімен өткен жиында. Түркістан облысы және Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосованың айтуынша, «Отбасы академиясы» қоғамдық қорының «Өнеге» жобасы аясында ұйымдастырылған кезекті кездесу 4 айдан бері өз жалғасын тауып келеді.


Отбасы құндылығын түсіндіру жөнінде аға буын мен жастар арасындағы басқосу мақсаты айқын – мамандық пен жар таңдауда шалыс қадам баспауға жол көрсету. Жұбайлар арасындағы сенім мен түсінісу, әулеттері сыйластығының сақталуы. Себебі, қоғамда жас отау иелерінің жанұя тұтастығын бекемдеуден гөрі ажырасу жағдайы жиілеп кеткендігі рас.


Ұлттық сана мен дәстүр сабақтастығын сақтау тұрғысында мағыналы ойлар айтылған жиында Түркістан облысының бас имамы Мұсабек қажы Ақтамбердінің діни тұрғыда айтары бар. Дін өкілі: «Алла Тағала адамзатты жер жүзінің билеушісі етіп жаратты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Ниет амалға байланысты» екендігін айтқан. Сондықтан, Жаратушыдан шын ықылас-ниетімен игілік сұраған пенденің тілегі орындалатындығы шүбәсіз. Осыны ескеретін болсақ әрбір жанның жүрегі тыныш, тілегі қабыл, әрдайым жолы болатыны айқын» – деген пікірде.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары