“ОТБАСЫ АКАДЕМИЯСЫ” – КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ КӨЗДЕЙДІ

698 просмотров

Түркістан қаласындағы “Қуаныш” ЖШС-нің əкімшілігінде “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Түркістан облыстық Отбасы академиясы қоғамдық қорының “Өнеге” жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіну, іс-қимылдардың зорлық-зомбылыққа қатысын анықтау, əйелдер мен ер азаматтарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жəне қолдау көрсете отырып, заң аясында көмек беруді көздейді.


Кездесуде психолог-тренер Ш.Абдирахманова өңірдің барлық жастар ресурстық орталығының психологтарына: “Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар, немен қауіпті? Агрессия, агрессор жəне жəбірленуші кімдер?” осы аталған тақырыптарды кеңінен түсіндіріп өтті. Алдымен келушілер өздерінің психологиялық жəне логикалық таным-көкжиегін сергітіп, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейтті.


Əлемде əрбір үшінші əйел зорлық-зомбылық əрекетіне ұшырайды. Ал, еліміздің статистикасын сараптар болсақ психологиялық зорлық-зомбылық 16, экономикалық зорлық-зомбылық 20, бопсалау 54 пайызды құрап отыр. Бүгінде ер азаматтарға да зорлық көрсету фактісі көптеп тіркелуде. Мəселен, соңғы 5 жылда өз-өзіне қол жұмсап, өмірден озған ерлер əйелдерге қарағанда 5 есе көп болған. Ал, сауалнама нəтижесінде олар моральдық тұрғыдағы мəселелерге көбірек тап болғаны белгілі болған. Сонымен бірге, балалардың бір-біріне əлімжеттік жасауы, күш көрсетуі де бүгінде жиі кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайда кəмелетке толмаған балалар жəне күш көрсеткен ата-аналар жауапкершілікке тартылатынын ескерткен жөн.


Түркістан облыстық əйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосованың айтуынша, академия өткен екі ай ішінде жетім, əлеуметтік жағдайы төмен жəне мүмкіндігі шектеулі жандар мен отбасыларға көмек көрсетіп келді. Жалпы, академияның басты мақсаты – кəмелетке толмаған балаларға жағдай жасау.
Жиын одан əрі психолог, медиатор-тренер А.Ізбасарованың аталмыш тақырыпта медицина қызметкерлері кездесуіне ұласты.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

One Reply to ““ОТБАСЫ АКАДЕМИЯСЫ” – КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ КӨЗДЕЙДІ”

  1. керемет. Сіздерге көп рахмет.Қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелерді бірге атсалысып зорлық-зомбылықтың алдын алуда қосқан үлестеріңізге. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демей ме .Жұмыстарыңыздың жемісті күндері көп болғай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары