ОБЛЫСТЫҚ «МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ» ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

190 көрілім

Бүгін облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығы алаңында  «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалі аясындағы «Менің туған жерім» жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Өнер байқауына облысымыздың барлық аудан, қалаларынан үздік деп танылған 17 қатысушы таңдалынып алынып,  өнер додасында өз бақтарын сынады. 8-16 жас аралығында ұйымдастырылған өнер байқауы І кезең бойынша өткізілді. Байқауға ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық «Тұран-Қазақ» суретшілер консолидациясының мүшесі Мәлік Әділхан Табылханұлы, Халықаралық «Тұран-Қазақ» консолидациясының мүшесі, халықаралық дәрежедегі жас суретші-кескіндемеші, дизайнер-иллюстратор Абдураимова Санобар Әлімжанқызы, ҚР суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі Байдәулетов Жантөре Хантөреұлы төрелік етті.
       Байқауды қорытындылай келе қазылар алқасының төрағасы Мәлік Әділхан: Жалпы барлық аудан, қалалардан келген бүгінгі жас таланттарымыздың еңбектерін төмен, не болмаса мықты деп бөле алмаймыз, барлығы түгел өздерінің ойларын, өнерге деген қызығушылығын кереметтей көрсете алды. Дегенмен кейбір қатысушыларымыз бүгінгі байқауға майлы бояуын не болмаса сурет салу планшеттерін өзімен бірге әкелмеген, ережеде жазылған байқау шарттарына немқұрайлық танытқан. Болашақта осы қателікті қайталамауға тырысыңыздар дер едім.

 Қазылар алқасының мүшесі Абдураимова Санобар: Жалпы бүгінгі байқауға қатысқан барлық үміткерлерге рахмет. Алғашқы іріктеу кезеңінен өтіп, бүгінгі өнер сайысына қатысып отырғандарыңыздың өзі жеңіс деп білемін. Десе де, байқау болған соң жеңіс те, жеңілісте болуы шарт. Біз, қазылар алқасы барынша сіздердің жұмыстарыңызға әділ баға беруге тырыстық, сондай-ақ жұмыстарыңыздағы техникаларға қарадық. Менің көп байқағаным, әр қатысушы өз туған жерін суреттеген, бұл дегеніміз сіздер өз аудандарыңызда осындай ерекше туындылармен көзге түсіп жүрген шәкірттеріңізді алып келгендеріңіз білініп отыр. Биылғы балалар жылына арнайы осындай үлкен жобаны ұйымдастырып отырған облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығына үлкен алғысымды білдіремін!

Қорытынды сөз облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров:  «Қайырлы күн құрметті қатысушылар. Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығын дәріптеу, оларға қолдау білдіру. Облыс аймағындағы талантты суретшілерді анықтау арқылы, суретшілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған жобамыз бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Жалпы бүгінгі жас таланттардың өнерін көріп тәнті болып отырмын. Әрқайсысында творчествалық жағынан потенциал бар. Жас суретшілердің тың туындыларын қалың көрермен назарына насихаттау үшін осындай игі  жобаларымызды қолға алуымыз керек деп ойлаймын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, келешекте бұданда үлкен жетістіктерге қол жеткізетіндеріңізге сенімдімін»-деді.

 «Менің туған жерім» жас суретшілер байқауы қазылар алқасының құрамының шешімімен:

Бас жүлде Дүйсенбек Сымбат                         Сайрам ауданы         

І орын Әділхан Дана                                        Отырар ауданы                       

ІІ орын Бақберген Айдана                               Төлеби ауданы                  

ІІ орын Жұмабек Таңат                                    Түлкібас ауданы                      

ІІІ орын  Керімше Әділхан                              Түркістан қаласы              

ІІІ орын Жолдасбек Айтжан                            Келес ауданы                     

ІІІ орын Жұмабек Адина                                 Түлкібас ауданы                

Дипломант Тасполат Бекхан                           Төлеби ауданы                  

Дипломант Халибекова Ақмаржан                 Сауран ауданы 

 «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалі аясында өткізілген  «Менің туған жерім» жас суретшілер байқауына қатысқан барлық қатысушы үміткерлер қатысқаны үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары