М.МЫРЗАЛИЕВ: ГАЗ БЕРІЛЕТІН КӨШЕЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖЕКЕ ПАРАҚШАМДА ЖАРИЯЛАП ОТЫРАМЫН

84 просмотров

  БАҚ өкілдерімен кездесуінде осылай деп мәлімдеген облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы қыркүйек айына дейін қала тұрғындарына толықтай газ берілетіндігін атап өтті. Ал, тұрғын үйлеріне табиғи отын кіргізу тұрғындардың еншісіндегі мәселе.

  Өңір басшысының  орынбасары рухани астананы 100 пайыз газдандыру деген көше бойынан өткізілген газ құбырларына газдың берілуі деп түсіндірді. Негізінен тұрғын үйге, кәсіпкерлік нысанға, әлеуметтік маңызы бар ғимарат иелерінің газға қосылуын биыл 50 пайызға жеткізу көзделуде.

  Облыс орталығын газдандыру бойынша 11 кезеңнің 7 кезеңі іске асырылды. Қалған 4 кезеңді аяқтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  баспасөз туры кезінде «Яссы» мөлтек ауданы тұрғындарының қуанышына ортақтасып қайттық.   

 Үкаша ата көшесі №74 үйдің тұрғыны Кенжебек Жүнісов енді табиғи газ тұтынатын болады.  Түркістандық азамат: “Көгілдір отынды тұтыну үшін 85 мың теңге төлемақы төледім. “ҚазТрансГаз Аймақ” мекемесінің өкілдеріне алғысым шексіз. Енді көмір жағып, әбігерге түсуден алыстаймыз” – деп, көгілдір отынға қол жеткізгеніне ризашылығын білдірді.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары