КЕШЕГІ КҮН – БҮГІНГІ ТАРИХ

95 просмотров

10.09.2019 жыл. Түркістандағы саялы саябақтардың санын «Қараусыз аумақтан – шырайлы арбатқа» айналған жаңа демалыс орны толықтырды. Қала орталығында ашылған шаһардың көркіне сән берген көрікті демалыс орнын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және қала басшысы Рашид Аюпов арнайы келіп, салтанатты түрде ашып берді.

25.09.2019 жыл. Жаңа үлгідегі полиция тірек пункті ашылды. Шыныдан жасалған полиция пункті тәртіп сақшыларына айналаны толық бақылауға алуға мүмкіндік беріп, құқық қорғау органдары мен халық арасындағы ашықтыққа бастайды.

01.10.2019 жыл. Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем станциялары су жаңа 32 көлікпен толықты. «Lada Largus» маркілі автокөліктер медициналық талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 300 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған темір тұлпарлар аудан және қалаға жол тартты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары