ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

70 просмотров

Қаламыздағы «Ортақ» спорт кешенінде зілтемірді жатып көтеруден алғаш рет Түркістан қаласының ашық кубогы өтті. Аталмыш додаға қала спортшыларынан бөлек Шымкент, Кентау қалаларынан келген 70-ке жуық атлеттер қатысып, кім мықтыны анықтады. Соңғы кезде бұқаралық сипатқа ие бола бастаған аталмыш спорттың үздігін анықтау төрешілерге де оңай соқпады.

«Олимпия» жаттығу залының бас жаттықтырушысы Ш.Абдусадықов пен турнирдің демеушісі әрі бас төрешісі А.Шариповтардың бастамасымен қолға алынған жарыс IPF ережесі бойынша өтті. 4 категория бойынша сарапқа салынған кубокта түркістандық зілтеміршілер жоғары нәтиже көрсетіп, жүлде қорын молайтты. Атап айтсақ, ұлдар арасында Р.Мұратов 90 келі, А.Ташметов 95 келі, Р.Абдурашидов 95 келі, Е.Қамбар 100 келі, А.Шарипов 125 келі, К.Тойметов 155 келі, қыздар арасында С.Абдурахим 70 келі зілтемірді көтеріп, өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды. Ал, Д.Абдурахманов бұл сында 2-орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және арнайы дипломдарға ие болды. Айта кетейік, келесі турнир наурыз айында Кентау қаласында ұйымдастыру жоспарлануда.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары