«ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

34 просмотров

«Инфрақұрылым және коммуникация бөлім» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2010 жылдан бастап Түркістан қаласының І және ІІ мөлтек аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді.

«Жылу» мекемесі орталық қазандық пен жылу жүйесі жылу беру маусымындағы жұмыстары Қазақстан Республикасы белгіленген ҚНжЕ (құрылыс нормасы және ережелері) және қала әкімдігімен бекітілген температуралық кесте бойынша атқарады.

Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцирдік түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 29.09.2017 жылғы №115–НҚ бұйрығына бекітілген 2019 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан жылу энергиясының төлемақысын алып келеді.

Кәсіпорын тарапынан Түркістан облысы әкімдігінің коммуналдық қызмет көрсету туралы 2015 жылғы 22 сәуірдегі №117 қаулысына сәйкес белгіленген бөлісу шекарасына дейін толық жөндеу және тұрақты жұмыс жасап тұруына толық жауапты деп көрсетілгендігі бойынша жұмыс атқаруда. Жылу жүйесінде бөлісу шекарасы көпқабатты тұрғын үйдің жертөледегі ішкі жылу жүйесіне орнатылған жалпыортақ үй жылу есептегіш құралы мен басқару торабының бірінші флянцына дейін деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке берген тапсырмасы бойынша коммуналдық қызметін тұтынушылардың төлемдердін төлеуін бақылау мақсатында және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жалпыортақ үй жылу есептегіш құралы орнатылған болатын.

Ерғазы РЫСБЕКОВ,

«Жылу» МКК директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары