ЖАСТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕУ

56 просмотров

              

   Бүгін қаламыздағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерін біржола тастап шыққанына 31 жыл толуына орай қалалық «Жастар ресурсы» орталығы және қалалық провоция қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты –  пробация есебінде тұрған жастар мен ересектерді қоғамдық өмірге қайта бейімдеп, салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Айдарбеков, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әбдіманап Фазылов және қалалық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Нұрбол Ғабитұлы сөз алып, осы жарыс арқылы жастар денсаулықтарын нығайтып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуға зор мүмкіндік тудыратынын жеткізді. Спорт – достық пен татулыққа бастап, бүгінгі жарыс арқылы қарым-қабілеттеріңді көрсете беріңдер деген ізгі ниеттерін білдірді.

Жеңіске деген жігерлерін байқатқан спортшылар аянып қалмады. Әсіресе, «Космос» командасының спортшылары шеберліктерін байқатып, 1-ші орынды қанжысына байласа, тиісінше «Яссы» және «Найза» командалары 2-ші және 3-ші орындарды өзара бөлісті. Тартысты өткен жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері қала әкімінің Дипломы және медальдарымен марапатталды.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары