«ЖАСА, ЖАЙНА АЛАШЫМНЫҢ АРЫСЫ»

39 просмотров

  Арыс қаласындағы  орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерт өтті. Салтанатты кеш төтенше жағдайдан кейін халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл-күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылды.  Кешке Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйытқы болды. Шара шеңберінде Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, аянбай көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

  Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова арыс халқына арнауын жолдаса, эстрада жұлдыздары  Ақжол Мейірбеков, Нұржамал Үсенбаева, Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен “Фараб” би ансамблінің өнерлері кештің ажарын аша түсті. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары