ЖАРЫССӨЗГЕ ЖАЗЫЛҒАНДАР ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ

27 просмотров

Жаңа облыстың дамуының басында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы бағыт беріп тұрса, қала әкімі Рашид Абатұлы бұл жұмыстарды орындауда оң көрсеткішпен алда келеді. Креативті әкім заманауи идеялардың жанашыры. Абаттандыру ісін мықтап қолға алып, қала тазалығын күн тәртібіндегі мәселелердің алдыңғы легінен түсірген жоқ. Сонымен қатар, 2019 жыл «Жастар жылы» аясында жастармен жиі кездесулер ұйымдастырып, тың жобаларды жыл иелеріне ұсынып, оның орындалуын сеніп тапсырды.
Мен жеке кәсіпкер ретінде айтарым, Рашид Аюповтың кәсіпкерлерлік субьектілеріне ұсынған ұсыныстары мен берген ұтымды кеңестерін үнемі қолдаймын. Әкім «Қуаныш» базарына арнайы келіп, бірқатар ұсыныстарды жіктеп берді. Соның ішінде орталық Тәуке хан даңғылына қарасты сауда орындарының сыртқы көріністеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосып, себепкер болды. Қала экономикасын тұрақты, қолжетімді деңгейде бағамдап жүрген кәсіпкерлер өз қаражатына тиісті нысандарын шығыстық үлгіде көрініс беретіндей етіп өзгертіп, бүгінде Түркістанның келбетін еселеп тұр. Осы бастаманың аясында әкімдікпен кәсіпкерлер арасында сенім мен нәтиже арта түсті. Шаһар басшысының есептік кездесуінде қала кәсіпкерлері атынан 2019 жылда атқарған жұмыстарының есебіне қанағаттанарлық деген баға беремін.
Инара Намазбаева –
«Қуаныш» ЖШС директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары