ГҮЛДЕР САЯБАҒЫ

69 просмотров

Бүгінде Түркістандағы Есім хан алаңында қарқынды жұмыстар жүруде. Ал, болашақ кескіні қандай болары əрбіріңізді қызықтырары сөзсіз. Ендеше, жобасын назарларыңызға ұсындық! Мерекелік кештердің алаңы ретінде білетін сіздер үшін, енді бұл жердің келбеті өзгеше кейіпке енбек.

Субұрқақ, түрлі-түсті гүлдер, жасыл алаң – бұл саябақтың бірден бір ерекшелігі. ГҮЛДЕР САЯБАҒЫ – тек қала тұрғындарының ғана емес, шаһарға келуші қонақтардың да сүйікті орнына айналарына сенеміз. “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-ның еншісіндегі кезекті жобаның абаттандыру жұмыстары сəтін салса, қараша айының соңында аяқталады деп күтілуде.


P.S: Жалпы, жаңа жобаларда субұрқақтардың көптігіне кей адамдар кері пікір білдіруде. Алайда, Түркістан қаласының еліміздің ешбір жерінде жоқ жазғы ыстығын алға тартар болсақ, субұрқақтар ауаны салқындатудың кепілі екенін ескерген жөн.

“Түркістан ақпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары