БИЗНЕС БАСТАУЫМА «СЫБАҒАНЫҢ» СЕПТІГІ ТИДІ

36 просмотров

      

Елімізде ет экспорты жақсы жолға қойылған деп айтуға толық негіз бар. Өз басым бұл саладағы Үкімет тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстарды жоғары бағалаймын. Тек көзін тапсаң кәсіп ашып, елге қызмет етуге мол мүмкіндік жасалған.

Осыдан алты жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасымен 12 миллион теңге несие алып, жұмыс бастадым. Мамандығым мал дәрігері болғандықтан кәсібімді де осы саладан аштым. Яғни, жеңілдетілген жолмен алған несиеме алғашқыда 37 бас тана алдым. Оның орнын, жайылым жерін, жем-шөбін дайындадым. Бүгінде ірі-қара малдың басын екі жүзге жеткіздім. Оның жылда елу шақтысын семіртіп соямын. Әр қайсысы орта есепппен 300 келі ет берсе, елу бастан 15 тоннадай ет экспорттаймын. Етке негізінен мамыр, маусым айларында сұраныс жоғары болады. Біздің оңтүстік жақтың ауа-райы біршама ыстық болғандықтан малды да негізінен күз, қыс, ерте көктемде бордақылаған жақсы. Біздің серіктестік малдың жем-шөбін де өзі дайындайды. Отырар ауданы, Талапты ауыл-округінде жүз гектардай егістік алқабымыз бар. Жүгері мен бидай араласқан ұнтақ жеген мал екі жарым айда семіреді. Әрі оның еті де дәмді болады. Сапалы өнім өндірсең өзіңнің тұрақты тұтынушыңды қалыптастырасың. Бүгінде біз өз өнімімізді қайда, қалай өткіземіз деп қиналмаймыз. Өз тұтынушыларымыз бар. Олар көбіне көршілес жатқан Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыстаннан келеді. Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Өткен жылы әр келісіне 200 теңгеден төледі. Жалпы, 4 миллион теңге субсидия алдық. Бұл біздің бизнесімізді одан әрі өркендетуге жол ашады. Бүгінде он шақты адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз.

Жалпы, жұмыс істеймін, жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамға біздің елде мүмкіндік мол. Осыншалық жағдай жасап отырғаны үшін Үкіметке, оны жүзеге асырып отырған жергілікті билікке алғыс айтамыз.

Ерден БАҚЫТБАЙ,

«Ұлан Отырар» ЖШС директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары